Accessibility links

Мушаррафқа қастандық әрекеті болды


Пәкістанның экс-президенті Первез Мушарраф.

Пәкістанның экс-президенті Первез Мушарраф.

Пәкістан полициясы бүгін Исламабадта елдің бұрынғы президенті Первез Мушаррафтың кортежі өтіп бара жатқан жолда бомба жарылғанын хабарлады. Бомба Мушарраф әскери ауруханадан қала маңындағы үйіне бара жатқан жолда жарылған. Жарылыстан саясаткер, я өзге ешкім зардап шекпеген.

Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Бірақ полиция жарылысты Мушаррафқа қастандық жасау әрекеті деп бағалады.

Первез Мушарраф қаңтар айынан бері ауруханада емделіп жүр. Полиция жарылыстан кейін оны үйіне басқа жолмен әкетті.

1999-2008 жылдары Пәкістан президенті болған Первез Мушарраф шетелден былтыр наурыз айында отанына оралған. Ол парламент сайлауынан шеттетіліп, үстінен "мемлекетке опасыздық жасады" деген айыппен іс қозғалған. Экс-президент 2007 жылы тәртіпсіздіктер кезінде елде төтенше жағдай жариялап, конституцияның күшін тоқтатып тастады деп айыпталып отыр.
XS
SM
MD
LG