Accessibility links

Ливандағы Сирия босқыны 1 миллионнан асты


Ливандағы босқындар лагерьінде тұрып жатқан сириялықтар. Көрнекі сурет.
Ливандағы босқындар лагерьінде тұрып жатқан сириялықтар. Көрнекі сурет.
Қақтығыстардан бас сауғалап Ливанға барған сириялық босқындардың саны 1 миллион адамнан асты деп хабарлады 3 сәуірде БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі өкілдігі басшысы Антонио Гутерреш.

БҰҰ өкілінің айтуынша, Ливан тұрғындарының жан басына шаққанда қабылдайтын босқындар саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. Бұл елге күн сайын Сириядан екі жарым мыңға жуық адам барады.

Гутерриштің сөзіне қарағанда, босқындардың Ливанға толассыз ағылуы ел экономикасына кері әсер етеді. "Ішкі қиындықтарды бастан өткеріп, қажыған Ливан үшін бұл процестің ықпалы зор" дейді ол.

Сирияда 2011 жылы наурызда үкіметке қарсы жаппай наразылықтары мен оның соңын ала тұтанған қақтығыстардан 9,5 миллион адам - ел тұрғындарының жартысына жуығы баспаналарын тастап кеткен. Тағы 2,5 миллионға жуық сириялық Түркия, Иордания, Ирак және басқа да елдерге босып кеткен.
XS
SM
MD
LG