Accessibility links

Аваков: Шеруді атуға Янукович бұйрық берген


Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович. Дондағы Ростов, 11 наурыз 2014 жыл.
Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович. Дондағы Ростов, 11 наурыз 2014 жыл.
Украинаның қауіпсіздік қызметінің шенеуніктері "ақпан айында Киевте үкіметке қарсы шеушілерге қарсы оқ атып, қырғынға ұшырату бұрынғы президент Виктор Януковичтің тікелей басшылығымен жасалды және оған Ресей арнайы қызметінің қатысы бар" деп мәлімдеді.

Ішкі істер министрі Арсен Аваков 3 сәуірде өткен баспасөз жиынында "Янукович 18-20 ақпанда шерушілерге қарсы оқ атуға бұйрық берді" деді.

Киевте 2013 жылдың қараша айында басталған үкіметке қарсы наразылық шерулерінде 100-ден астам адам мерт болған еді. Олардың көпшілігі 18-20 ақпан аралығында снайперлердің қолынан қаза тапқан делінеді.

Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Валентин Наливайченко Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қызметкерлері Майдандағы шерушілерге қарсы "арнайы операцияның жоспарын құруға қатысты" дейді.

Виктор Янукович 21 ақпанда Ресейге кетіп, кейін парламент оны биліктен тайдырған.
XS
SM
MD
LG