Accessibility links

Ресейде Украина азаматтары ұсталды


Қырымдағы Гвардеевское ауылынан темір жол арқылы шығарылып жатқан украиналық әскери танктер. (Көрнекі сурет)
Қырымдағы Гвардеевское ауылынан темір жол арқылы шығарылып жатқан украиналық әскери танктер. (Көрнекі сурет)
Ресей билігі елде «шабуыл жасауды жоспарлаған» деген күдікпен Украинаның 25 азаматы ұсталғаны туралы мәлімдеді. Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) ұсталғандар наурыздың 14-і мен 17-і аралығында Ростов, Волгоград, Тверь, Орел, Белгород қалаларында және Калмыкия мен Татарстан аумағында «шабуылдар жасамақшы болған» деп хабарлады.

Бұған дейін бейсенбі күні ресейлік НТВ телеарнасы ұсталғандардың арасында ақпан айында Украинада Виктор Януковичті биліктен тайдыру кезінде белсенді роль атқарған «Правый сектор» ұлтшылдар тобының үш өкілі бар деп хабарлаған. Телеарна репортажында күдіктілердің «украиналық арнайы қызмет органдарының тапсырмасымен әрекет етіп, Украинамен шекарадағы Ресей әскери техникасын суретке түсіру туралы нұсқау алғаны» жайлы айтылады. Бұны «сандырақ» деп атаған Киев әлгдіней айыптауларды жоққа шығарды.

Күдіктілердің ұсталғаны туралы ақпарат жария болардан бірнеше сағат бұрын Украина қауіпсіздік қызметі ақпан айында Киевте Януковичтің билігіне қарсы шеруді басып-жаншу жоспарына ресейлік ФСБ агенттерінің қатысы болған деп мәлімдеме жасаған еді.

Киевте 2013 жылдың қараша айында басталған үкіметке қарсы наразылық шерулерінде мерт болған 100-ден астам адамның көпшілігі 18-20 ақпан аралығында снайперлердің қолынан қаза тапқан делінеді.

Виктор Янукович 21 ақпанда Ресейге кетіп, кейін парламент оны биліктен тайдырған.
XS
SM
MD
LG