Accessibility links

Өзбекстанда үш "тыңшы" әйел сотталған


Өзбекстан жоғарғы сотының ғимараты. (Көрнекі сурет)

Өзбекстан жоғарғы сотының ғимараты. (Көрнекі сурет)

Өзбекстанда «Тәжікстанның пайдасына тыңшылық жасаған» деген айып бойынша үш әйел сот үкімімен ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айрылған.

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, сот Сурхандария облысында тұратын үш әйелді Узун және Сариасийский аудандарында орналасқан өзбек «әскери нысандарын мобильдік телефонға суретке түсіріп, оларды сарбаздар саны туралы деректермен бірге тәжікстандық арнайы қызмет органдарына сатқаны үшін айыпты» деп таныған.

Сот үкімі бойынша, Тәжікстан тумасы, бірақ азаматтағы жоқ Кимье Худоярова 15 жылға бас еркіндігінен айрылған. Өзбекстан азаматтары Гүлнара Амонова мен Рано Хурсандованың әрқайсысы 14 жылға қамау жазасына кесілген.

Сот процесі кезінде үшеуі де өз айыптарын мойындаған деп хабарлайды жергілікті баспасөз құралдары. Бірақ соттың қашан өткені белгісіз қалып отыр.
XS
SM
MD
LG