Accessibility links

АҚШ: Техаста оқ атқан сарбаз сырқат болған


Форт Худ әскери базасына кірер жерде тұрған баспасөз өкілдері. Техас штаты, АҚШ, 2 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Форт Худ әскери базасына кірер жерде тұрған баспасөз өкілдері. Техас штаты, АҚШ, 2 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ-тың Форт Худ әскери базасында оқ атып бірнеше адамды өлтірген деген күдікке ілінген адам бұған дейін Иракта әскери қызмет атқарған. Бұл туралы бейсенбі күні АҚШ сенатында өткен тыңдауда жаяу әскер министрі Джон Макхаг хабарлады.

Оның айтуынша, 2008 жылдан АҚШ қарулы күштері қатарында жүрген сарбаз 2011 жылы Иракта төрт ай әскери қызмет атқарған. Ол ұрыс операцияларына қатыспаған, ешқандай жарақат алмаған. Психикасында жабығу, мазасыздану белгілері байқалған соң дәрігер оған дәрі-дәрмектер тағайындағаны туралы деректер айтылады.

АҚШ-тың Техас штатындағы Форт Худ әскери базасында 2 сәуір күні кешке белгісіз қарулы адам үш адамды атып өлтіріп, он алты адам жараланған еді. Бұл қылмысқа күдікті өзін өзі атып өлтіргені туралы хабарланды. Кейін тергеу орындары күдіктінің аты-жөні Иван Лопес екенін айтты. Әзірге оның қандай да бір экстремистік топтармен байланыста болғанына айғақ-дәлелдер табылған жоқ.

Бұдан төрт жыл бұрын Форт Худ базасы нысандарының бірінде әскери дәрігер Нидал Хасан оқ атып, салдарынан тоғыз адам қаза тауып, отыз екі адам жараланған еді. Ол оқиғадан соң әскери базада қауіпсіздік шаралары жасалған болатын.
XS
SM
MD
LG