Accessibility links

Шешенстанда төрт сарбаз қаза тапты


Шешенстан картасы. (Көрнекі сурет)

Шешенстан картасы. (Көрнекі сурет)

Шешенстанда бейсенбі күні жаяу әскер машинасы жолында орнатылған бомба жарылуы салдарынан төрт әскери қызметкер қаза тауып, жеті адам жараланғаны хабарланды. Жаралылар Грозныйдағы дәрігерлік-санитарлық батальонға жеткізілген.

Оқиға Ачхой-Мартан ауданындағы Янди ауылының маңында болған. Ішкі істер әскері инженерлік бөлімшесінің әскери қызметкерлері шолғында жүргенде жасырылып қойылған бомбаға кезіккен.

Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG