Accessibility links

Шерушілерге оқ ату


«Киевте 20 ақпанда үкіметке қарсы шерушілерге оқ атқан кезде түсірілген» делінген видеоны Украина ішкі істер министрлігі 3 сәуірде YouTube сайтындағы парағында жариялады. Биік жерден түсірілген бейнетаспада әлдекімдерді көтеріп, кейбірі қолдарындағы қалқанмен қорғанған шерушілер мен көшенің екінші бетінде қара киімді қарулы адамдардың шерушілерге оқ атып жатқаны байқалады. Киевте 2013 жылдың қараша айында басталған үкіметке қарсы наразылық шерулерінде 100-ден астам адам мерт болған еді. Олардың көпшілігі 18-20 ақпан аралығында снайперлердің қолынан қаза тапқан делінеді. Ішкі істер министрі Арсен Аваков «18-20 ақпанда шерушілерге қарсы оқ атуға Виктор Янукович бұйрық берді» деп мәлімдеді. Янукович ондай айыптауды жоққа шығарады. Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Валентин Наливайченко Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің агенттері Майдандағы шерушілерге қарсы «арнайы операцияның жоспарын құруға қатысқан» дейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG