Accessibility links

Түрмедегі Курамшин дағдылы режимге ауыстырылды


Құқық қорғаушы Вадим Курамшин. Алматы, 31 тамыз, 2012 жыл

Құқық қорғаушы Вадим Курамшин. Алматы, 31 тамыз, 2012 жыл

Бір жыл бойы қамаудың қатаң режимінде жазасын өтеп келген құқық қорғаушы Вадим Курамшин қамаудың сәл жеңілдетілген түріне, яғни дағдылы режимге ауыстырылды деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысындағы Горный кентіндегі ЕС 164/4 колониясының бастығы Уәлихан Байтасов.

Оның айтуынша, сәуірдің 3-і күні комиссия сондай шешім қабылдаған.

Байтасовтың сөзінше, дағдылы ұстау жағдайына өткен сотталушының жылына үш рет туыстарымен кездесуге, апта сайын телефонмен хабарласуына құқығы бар.

Бұған дейін түрмеде сотталушы ретінде туыстарымен байланысу құқықтары бұзылғанын айтқан Курамшин мен оның адвокаты өзіне психологиялық қысым тоқтамағанын мәлімдеп, дағдылы режимге ауыстырмау үшін түрме әкімшілігі арандатуға бара ма деп қауіптенген еді. Ал Open Dialog қоры түрме әкімшілігін құқық қорғаушының құқықтарын бұзбауға, қысымды тоқтатуға шақырған.

Түрмедегі тұтқындардың құқықтарын қорғау қызметі арқылы танылған қоғамдық белсенді Вадим Курамшин 2012 жылы желтоқсанда «бопсалау» бабы бойынша айыпты деп танылып, 12 жылға сотталған. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Курамшин қазір Солтүстік Қазақстан облысындағы жұрт «Жамансопка» деп атап кеткен тәртібі қатал ЕС 164/4 түрмесінде жазасын өтеп жатыр.

Вадим Курамшин адам құқығы саласында Людовик Трарье атындағы халықаралық сыйлықтың 2013 жылғы иегері атанған. Қазақстанның бірқатар құқық қорғау ұйымдары оны «саяси және ар-ұждан тұтқыны» деп таныған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG