Accessibility links

Moody's Украинаның несие рейтингін төмендетті


Қор нарығындағы табло. Көрнекі сурет.

Қор нарығындағы табло. Көрнекі сурет.

Moody's халықаралық рейтинг агенттігі Украинаның несие рейтингін Caa2 көрсеткішінен Caa3 сатысына түсірді.

Агенттік Украинадағы экономикалық жағдайға "нашарлай береді" деген болжам жасап отыр. Moody's бұл рейтингін 4 сәуір күні жариялаған. Онда Украинаның орнын төмендетуге ықпал еткен үш фактор аталады: "саяси дағдарыс", "Ресейдің Қырымды басып алуы", "сыртқы қарызды қайтаруға қауқарсыздық". Бұлардан басқа, Ресей қаржысының елден кетуі, газ бағасының көтерілуі де айтылған.

Moody 's Украинаның ішкі өніміне шаққандағы сыртқы қарыздың 2014 жылдың аяғында 60 пайызға жететінін болжап отыр. Бұл көрсеткіш 2013 жылдың аяғында 40 пайыздың шамасында болған. Moody 's қаңтар айында Украинаның мемлекеттік облигацияларының рейтингін түсірген еді.
XS
SM
MD
LG