Accessibility links

Иран мен АҚШ ядролық мәмілені мамырда жасаспақ


Иранның ядролық зауытының бірі.
Иранның ядролық зауытының бірі.
Жұма күні АҚШ президенті әкімшілігінің өкілі "Иран мен әлемдік державалар келесі айда барлық мәселелерді қамтитын ядролық келісімді құрастыруға кіріседі" деп мәлімдеді.

АҚШ өкілі бұл жаңалықты Венада 8-9 сәуірде өтетін кезекті келіссөздер қарсаңында хабарлап отыр. 2013 жылы қараша айында Иран мен алты держава Женевада уақытша мәмілеге қол қойған еді.

Тегеран ядролық бағдарламасының кейбір бөліктерін алты айға тоқтата тұруға келіскен. Оның өтеуі ретінде кейбір санкцияларды алып тастауды талап еткен.

АҚШ шенеунігі Ресей мен Иран арасындағы "мұнайды тауарға айырбастау" туралы келіссөздердің біткен-бітпегенінен хабарсыз екенін айтты.

Reuters агенттігі 2 сәуір күні Ресей мен Иранның бұл тарапта мәмілеге келгенін хабарлаған еді. Бұл келісім Тегеранға санкцияларды бұзып, мұнай экспорттауға мүмкіндік береді.
XS
SM
MD
LG