Accessibility links

Байден мен Яценюк несие жайын талқылады


АҚШ вице-президенті Джо Байден.
АҚШ вице-президенті Джо Байден.
АҚШ вице-президенті Джо Байден мен Украина премьер-министрі Арсений Яценюк телефон арқылы Халықаралық валюта қорының Украинаға беретін қаржылық көмегі туралы талқылады.

Бұл туралы Ақ үй 4 сәуірде хабарлады. Байден "қаржы мәселесінің тез шешілгенін қалайтынын" айтқан.

3 сәуір күні АҚШ президенті Барак Обама Киевке 1 миллиард доллар несие беру туралы заң жобасына қол қойды. Өткен айда Халықаралық валюта қоры Украинаға 18 миллиард доллар несие беретінін мәлімдеді.

Бірақ бұл қаржылар Киев уәде еткен реформаларды іске асырған жағдайда ғана беріледі. Бұл жәрдем Украина экономикасының тұрақтануына көмектеседі.

Байден "Украинаның энергетикалық қауіпсіздігін нығайту" туралы да айта келіп, 25 мамырға белгіленген президент сайлауының әділ өтеріне сенім білдірген.
XS
SM
MD
LG