Accessibility links

Ауған халқын сайлау өткізулерімен құттықтады


Тәуелсіз сайлау комиссиясының мүшелері дауыс берілген бюллетеньдерді санап отыр. Қандағар, Ауғанстан, 5 сәуір 2014 жыл.

Тәуелсіз сайлау комиссиясының мүшелері дауыс берілген бюллетеньдерді санап отыр. Қандағар, Ауғанстан, 5 сәуір 2014 жыл.

Ауғанстан орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, 5 сәуірде өткен президенттік және жергілікті билікті сайлауға дауыс беруге 12 миллион сайлаушының 7 миллионы, яғни 58 пайызға жуығы қатысқан.

Елдің қазіргі президенті Хамид Қарзай "ауа-райының қолайсыздығы мен түрлі қоқан-лоқыларға қарамастан" сайлау учаскелеріне келіп, дауыс берген сайлаушылардың белсенділігін жоғары бағалады. Ол Ауғанстанда биліктің заңды, бейбіт жолмен ауысуының маңызын атап өтті. Конституцияда президенттік билік екі мерзіммен шектелгендіктен Карзай бұл сайлауға қатыспады.

Бұған дейін "Талибан" өкілдері сайлауды болдырмайтындарын мәлімдеген. Сенбі күні Құндық провинциясында талибтердің зымыран соққысынан сайлау комиссиясының қызметкері мен үш сарбаздың қаза болғаны хабарланды.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстан халқын алғаш рет демократиялық әдіспен президент сайлауын өткізуімен құттықтады.

Бұл жолғы сайлауда президенттікке сегіз кандидат түсті. Сайлау өткен күні 350 мың сарбаз елде қауіпсіздікті күзетуге жұмылдырылды.
XS
SM
MD
LG