Accessibility links

Қытай кемесі "қара жәшік" дыбысын естіген


Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде жоғалған ұшақ сынықтарын іздеп жүрген Австралия әуе күштері ұшағының экипажы. 27 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде жоғалған ұшақ сынықтарын іздеп жүрген Австралия әуе күштері ұшағының экипажы. 27 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Бір айдай бұрын жоғалған Malaysia Airlines компаниясының жолаушылар ұшағын іздеу шараларына қатысқан қытай кемесі ұшақ құлаған аумақ деген болжам жасалған Үнді теңізінің оңтүстік бөлігінде 37,5 кГц жиілікте дыбыс белгілерін тіркеген. Бұл туралы қытай баспасөз құралдары хабарлады.

Халықаралық ережеге сәйкес, ұшақтардың «қара жәшіктерінің» дыбыс белгілері осы жиілік арқылы беріледі. Бірақ бұл жолғы тіркелген дыбыс малайзиялық әуе компаниясының жоғалған ұшағындағы «қара жәшіктердің» белгілері деп кесіп айтуға әлі ерте дейді мамандар.

Бұған дейін ұшақ бортындағы жазбаны тіркейтін құрылғылар – «қара жәшіктердегі» батареялардың қуаты сәуірдің 7-іне дейін ғана жететіні айтылған еді.

8 наурызда Малайзия астанасы Куала-Лумпурден Қытай астанасы Пекинге ұшып шыққан, бортында 239 адам болған MH370 рейсі - Boeing 777 жолаушылар ұшағы ешқандай дабыл белгісін берместен, бағытын ауыстыратынын я басқадай проблемалар туындағанын хабарламастан із-түссіз жоғалып кетті. Соңғы рет диспетчермен байланысқа шыққан кезде ұшақ Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырымдай қашықтықта болған. Малайзия билігі спутниктен алынған деректерге сүйеніп, ұшақ Үнді мұхтиының оңтүстік бөлігіне құлаған деген қорытынды жасаған еді.
XS
SM
MD
LG