Accessibility links

Украинада журналист қазасын тексеріп жатыр


Көрнекі сурет

Көрнекі сурет

Украинаның Черкасск облысында тергеу орындары журналист, қоғамдық белсенді Василий Сергиенконың өлімінің мән-жайын тексеріп жатыр.

Бүгін облыстық прокуратура журналисті ұрлау және өлтіру оқиғасын растаған. Оның алдында журналистің жансыз денесі тоғай арасынан табылғаны туралы хабар тараған еді.

«Свобода» партиясының облыстық ұйымының басшысы Юрий Ботнар марқұмның денесінде азаптау белгілері барын мәлімдеген.

4 сәуір күні Сергиенконың анасы белгісіз адамдар ұлын ұрлап алып кеткенін айтып құқық қорғау органдарынан жәрдем сұраған. Сол күні «Адамды заңсыз бостандығынан айыру немесе адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған деп хабарлайды «Интерфакс-Украина» агенттігі.
XS
SM
MD
LG