Accessibility links

Иордан полициясы мен босқындар төбелесті


Иорданиядағы Заатари босқындар лагері.
Иорданиядағы Заатари босқындар лагері.
Иорданияның солтүстігінде Сириядан келген босқындарға арналған лагерьдегі қақтығыстардан соң жиырмадан аса полиция қызметкері ауруханаға жеткізілген.

Заатари лагеріндегі қақтығыстар барысында бір босқын қаза болған деген хабарды Иордания билігі жоққа шығарады. Ресми ақпарат бойынша, полиция лагерьді рұқсатсыз тастап шықпақ болған бірнеше сириялық азаматты ұстаған соң қақтығыстар басталған.

Босқындар қақтығыстың шығуына полиция қызметкерінің көлікпен баланы қағып, зақым келтіргені себеп болғанын айтады. Сонымен бірге, босқындар өз араларында қақтығыстан зардап шеккендер саны билік айтқандай үш адам емес, одан әлдеқайда көп екендігін мәлімдеді.

Заатари лагерінде Сириядағы азаматтық соғыс салдарынан отандарын тастап кетуге мәжбүр болған ондаған мың босқын тұрып жатыр.
XS
SM
MD
LG