Accessibility links

Бүгін Ресейдің Омбы облысында көппәтерлі тұрғын үйдегі тұрмыстық газ жарылысы салдарынан қаза болғандар саны бес адамға жетті. Бұл туралы Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық басқармасы хабарлады.

Ресми ақпарат бойынша, жарылыстан жарақат алған тоғыз адамның үшеуі жансақтандару бөліміне жатқызылған, олардың біреуі - бала.

Оқыс оқиға жексенбінің таңында Марьяновск ауданы Конезаводский кентіндегі 12-пәтерлік үйде болған. Жарылыс салдарынан айтарлықтай нұқсан келген үйдің қалған бөлігінің құлап түсу қаупі бары айтылады.
XS
SM
MD
LG