Accessibility links

Украинаның шығысында үкімет үйлерін басып алды


Ресейшіл топ Донецк облыстық әкімшілігін басып алып, Ресей туын тікті. Донецк, 6 сәуір 2014 жыл.

Ресейшіл топ Донецк облыстық әкімшілігін басып алып, Ресей туын тікті. Донецк, 6 сәуір 2014 жыл.

Украинаның шығысындағы үш қалада 6 сәуірде ресейшіл демонстранттар үкіметтік мекемелерге басып кірді.

Ондаған наразылық танытушы милиция бөгетін бұзып өтіп, Харьков қаласының әкімшілігін басып алған. Полиция үкіметтік мекемелер үстіне Ресей туларын тіккен адамдарға қарсы күш қолданған жоқ.

6 сәуірде Донецк облыстық әкімшілігі мен мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Луганск қаласындағы бөлімшесін де басып алған. Наразы топ билікке Қырымдағыдай референдум өткізу туралы талап қойған.

Тәртіпсіздіктерге байланысты Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов бүгін Литваға жоспарлаған сапарын тоқтатты. Ішкі істер министрі Арсен Аваков Ресей президенті Владимир Путин мен Украинаның биліктен тайдырылған бұрынғы президенті Виктор Януковичті елдің шығысында сепаратистік әрекеттерге қолдау көрсетіп отыр деп айыптады.
XS
SM
MD
LG