Accessibility links

Венгриядағы сайлауда билік партиясы озды


Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан парламент сайлауында өзінің консервативтік "Фидес" партиясының жеңіске жеткенін жария етті. Партиялас жақтастарының алдында сөйлеген Орбан сайлау нәтижесі өзі басқарған үкіметтің "жаңа жұмыс орындарын ашу, отбасын қолдау және мемлекеттің егемендігін қорғау саясатының сәтті болғанын көрсетті" деді.

Берілген дауыстардың 76 пайызы есептелген кездегі болжам бойынша, "Фидес" партиясы парламенттегі 199 орынның 135-іне ие болмақ. Оның саяси одақтасы - Христиан-демократиялық партиясы 39 орынды иеленбек. Ал әсіре оңшыл "Йоббик" партиясына парламенттен 25 орын тиюі мүмкін.

50 жастағы бұрынғы диссидент Виктор Орбанның үкіметі Еуропа Одағымен және шетел инвесторларымен өзінің қалыптан тыс саясатына бола бірнеше рет кикілжіңге келіп қалған. Бірақ көптеген венгрлер Орбанды "ұлттық мүдделер жолындағы күрескер" деп таниды.
XS
SM
MD
LG