Accessibility links

Үндістанда парламент сайлауы басталды


Сайлауға келген тұрғындар. Үндістан, 7 сәуір 2014 жыл.
Сайлауға келген тұрғындар. Үндістан, 7 сәуір 2014 жыл.
Бүгін Үндістанда парламенттің төменгі палатасына (Лок Сабха) сайлау басталды.

Әлем тарихындағы алғашқы ең үлкен және ауқымды сайлауға 800 миллионнан астам сайлаушы дауыс береді. Бұл сайлау алты аптаға (7 сәуірден 12 мамырға дейін) созылады.

Сайлауда басқарушы Үндістан ұлттық конгресі партиясы мен оппозициялық "Бхаратия джаната" партиясы (Үндістан ұлттық партиясы) бәсекеге түседі.

Сарапшылар қоғамдық сауалнама нәтижесіне сүйеніп, бұл сайлауда "Бхаратия джаната" партиясы жеңіске жетуі мүмкін деген болжам жасап отыр.

Бүгін елдің солтүстік-шығысында бес штатта дауыс беру өтіп жатыр.

Сайлау қорытындысы 16 мамырда жарияланбақ.
XS
SM
MD
LG