Accessibility links

Ресей Украинаның сүт өнімдеріне тыйым салды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Ресейдің "Роспотребнадзор" мекемесі Украинаның алты сүт компаниясының өнімдерін импорттауға тыйым салды.

"Роспотребнадзор" таратқан мәлімдемесінде зертханалық тексерулер нәтижесінде "өнімдерді даярлау ережелері бұзылғаны" анықталғаны айтылады. "Тұтынушылар құқығын қорғау мақсатында мекеме Ресейге Украинаның алты компаниясының сүт өнімдерін импорттауға тыйым салды" делінген мәлімдемеде.

Ресей наурыз айында Қырымды аннексиялап алғаннан кейін бұл елдің Украинамен қарым-қатынасы шиеленісіп кеткен.
XS
SM
MD
LG