Accessibility links

Назарбаев сыртқы барлау туралы заңға қол қойды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Атырау, 6 ақпан 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Атырау, 6 ақпан 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 7 сәуірде "Қазақстан Республикасының сыртқы барлау мәселелері бойынша кейбір заңнамалақы актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына қол қойды. Заң жобасы барлау және қарсы барлау қызметін реттеуді жетілдіруге бағытталған.

Сенаттың қорғаныс, халықаралық істер және қауіпсіздік комитеті бұған дейін құжаттың сыртқы барлау субъектілері - "Сырбар" сыртқы барлау қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және қорғаныс министрлігінің қызметтерімен байланысты екенін айтқан.

Сыртқы барлау қызметіне қатысты "Жедел іздестіру қызметтері туралы" заңға, "Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" заңға және "Сыртқы барлау туралы" заңға да өзгерістер енгізілмек.

"Сырбар" сыртқы барлау қызметі 2009 жылы құрылған.
XS
SM
MD
LG