Accessibility links

Ресейшілдер "Донецк республикасын" жариялады


Донецк облыстық әкімшілігі маңын қарауылдап тұрған ресейшіл топтар. Украина, 7 сәуір 2014 жыл.

Донецк облыстық әкімшілігі маңын қарауылдап тұрған ресейшіл топтар. Украина, 7 сәуір 2014 жыл.

Украинаның Донецк облысында облыстық әкімшілік ғимаратын басып алған ресейшіл күштер аймақты "Донецк халықтық республикасы" деп жариялады деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. Жаңа республика жарияланғаны туралы акт облыстық кеңестің отырысында мәлімделген.

Өзін-өзі жариялаған "Донецк республикасы" кеңесі шерушілерге күш көрсетілсе, аймаққа "уақытша бітімгершілік контингентін кіргізуді" сұрап, Ресей президенті Владимир Путинге өтініш білдірді.

Донецк облыстық әкімшілігін ресейшіл шерушілер 6 сәуірде басып алып, ғимаратқа Ресей туын тіккен.
XS
SM
MD
LG