Accessibility links

Журналистің қазасына байланысты тағы екі адам ұсталды


2009 жылы желтоқсанда Алматыда қаза тапқан қырғыз журналисі Геннадий Павлюк. (Жеке мұрағаттағы сурет).

2009 жылы желтоқсанда Алматыда қаза тапқан қырғыз журналисі Геннадий Павлюк. (Жеке мұрағаттағы сурет).

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің екі қызметкері 2009 жылы Алматыда қастандық құрбаны болған қырғызстандық журналист Геннадий Павлюктің қазасына қатысты тұтқындалды.

Қырғызстан бас прокуратурасы өкілінің 7 сәуірде Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлауынша, екі қызметкер 5 сәуірде қазақстандық тергеушілер оларды күдікті ретінде көрсеткеннен кейін тұтқындалған.

Қырғызстандық журналист Геннадий Павлюк 2009 жылы желтоқсанда Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің алтыншы қабатынан жұмбақ жағдайда құлап, бірнеше күннен кейін сол ауыр жарақатынан есін жимаған күйі ауруханада қайтыс болған еді.

Қазақстан осы оқиғаға орай кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, оны зерттеуге Қазақстан мен Қырғызстанның құқық қорғау орындары қатысқан.

2011 жылы қазан айында бұл іс бойынша сот үкімі шығып, Қазақстан азаматтары Алмас Игіліков - 10 жылға, Шалқар Оразалин - 11 жылға, Қырғызстан азаматы Алдаяр Исманқұлов «Павлюктің өлімін ұйымдастырушы адам» ретінде 17 жылға сотталған.

Үкімге сотталушылардың туыстары мен адвокаттары наразы болған. Азаттыққа түсініктеме берген Алдияр Исманқұловтың әкесі Валерий Ким мұның «таза саяси шешім екендігін» айтады.

Исманқұловтың «бірде-бір кінәсі дәлелденбегендігін» айтқан адвокаты Светлана Мурзина да «сот тек болжамдар негізінде шешім шығарды» деген.

Ол сот процесіне Қырғызстаннан куәлар келмеген.

Журналистің туыстары мен әрістестері Павлюк Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевке қарсы оппозициялық қозғалысқа қосылғандықтан оның өлімінің саяси астары бар деп санайды. Бірақ қазақстандық тергеушілер бұл қылмыстың «саяси астары жоқ» деген байлам жасаған.
XS
SM
MD
LG