Accessibility links

Ресейліктердің НАТО штаб-пәтеріне кіруін шектеді


НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі. Брюссель, 2 сәуір 2014 жыл.
НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі. Брюссель, 2 сәуір 2014 жыл.
НАТО өзінің штаб-пәтеріне Ресей билігі өкілдерінің кіруіне шектеу қояды. Өткен аптада НАТО Ресейдің Қырымды аннексиялап алғанына жауап ретінде барлық ынтымақтастықты тоқтатқан.

НАТО жариялаған ресми мәлімдемеде "Ресейдің НАТО-дағы миссиясының басшысы, оның орынбасары мен екі көмекшісінен өзге барлық қызметкерлеріне альянстың штаб-пәтеріне кіруге рұқсат етілмейтіні" айтылады.

Жаңа ереже 8 сәуір, бүгіннен бастап күшіне енеді.

Маусым айында НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері бұл шешімді қайта қарайды.
XS
SM
MD
LG