Accessibility links

Латвия мен Литва Ресей арналарын көрсетуді тоқтатты


"Ресей" телеарнасы. (Көрнекі сурет)

"Ресей" телеарнасы. (Көрнекі сурет)

Литва мен Латвия билігі Ресейдің мемлекеттік екі телеарнасын "Украинадағы оқиғаларды біржақты хабарлайды" деп трансляциялауды тоқтатты.

Латвияның электрондық БАҚ бойынша ұлттық кеңесінің өкілі "Ресей" телеарнасын трансляциялау үш айға тоқтатылғанын айтты. Ал Вильнюс аймақтық әкімшілік сотының баспасөз хатшысы "РТР-Планета" телеарнасының бағдарламаларын көрсету ішінара тоқтатылғанын хабарлады. Сот телеарна бағдарламалары Украина туралы "біржақты хабар таратады" және "тәртіпсіздіктер тудыруға бағытталған" деген шешім шығарған.

Екі телеарна да Ресейдің ВГТРК хабар тарату компаниясына қарайды. Ресей сыртқы істер министрлігінің адам құқықтары бойынша комиссары Константин Долгов "Балтық елдері билігінің бұл шешімі азаматтардың ақпарат алу құқығын бұзады" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG