Accessibility links

ҰҚК ұшағы өтемақысының 18 миллион теңгесі төленді


Шымкент түбінде апатқа ұшыраған Ан-72 ұшағының қалдықтары. 26 желтоқсан 2012 жыл
Шымкент түбінде апатқа ұшыраған Ан-72 ұшағының қалдықтары. 26 желтоқсан 2012 жыл
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметінің 2012 жылы апатқа ұшыраған "Ан-72" ұшағы үшін сақтандыру компаниясынан 18 миллион теңге бас әскери прокуратураның араласуымен өндіріліп алынды деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Бас әскери прокуратураның ақпараты бойынша, шекара қызметінің "Нефтяная страховая компания" мекемесімен жасасқан келісімге сай апатта қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасы мүшелеріне төленуі тиіс 134 миллион теңгенің 18 миллионы өндіріліп алынған.

2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент маңында шекара қызметінің "Ан-72" әскери ұшағы апатқа ұшырап, бортындағы 27 адамның бәрі (20-сы – әскери қызметкер, жетеуі – экипаж мүшелері) қаза тапқан еді. Қаза тапқандардың арасында шекара қызметінің директоры Тұрғанбек Стамбеков те болған.
XS
SM
MD
LG