Accessibility links

Пәкістанда қақтығыста 30 адам қаза тапты


Пәкістан картасы. Көрнекі сурет.
Пәкістан картасы. Көрнекі сурет.
Пәкістан билігі 7 сәуірде елдің оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында қауіпсіздік күштерімен қақтығыста 30 "бүлікшінің" көзі жойылғанын мәлімдеді.

Провинцияның ішкі істер министрі Сарфраз Бугтидің айтуынша, қауіпсіздік күштері провинцияның Хуздар және Халат аудандарында жүргізген тексеру жұмыстары кезінде үлкен көлемде қару-жарақ тәркілеген. Арнайы операция кезінде 10 қауіпсіздік күштерінің 10 сарбазы жараланған.

Белуджистанның тәуелсіздігі үшін күресіп жүрген сепаратист бүлікшілер федералдық үкіметті провинцияның табиғи байлықтарын қанап, халқының кедейлігіне көңіл бөлмейді деп айыптайды.

Бүлікшілер үкімет ғимараттары мен қауіпсіздік күштеріне жиі шабуылдап тұрады.
XS
SM
MD
LG