Accessibility links

Аваков: Харьковте террорға қарсы операция өтіп жатыр


Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков.
Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков.
Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков Харьков қаласында антитеррористік операция жүріп жатқанын хабарлады.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Аваков мұнда қалалық әкімшілік ғимаратын басып алғаны үшін "70 сепаратист" тұтқындалып, қала орталығы қоршауға алынғанын айтқан.

Аваковтың сөзінше, тұтқындалғандар "сепаратизмге қатысты әрекеттерді, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды, адамдардың денсаулығына зақым келтірді және басқа да заң бұзушылықтар жасады" деген күдікке ілінген.

Ал Ресей сыртқы істер министрлігі бүгін Киевті "Украинаның оңтүстік-шығысына үкіметке қарсы шерулерді басу үшін әскерилерді жаппай шоғырландыруды тоқтатуға" шақырған.

6 сәуірде ресейшіл топтар Донецк облыстық әкімшілігі мен Харьков қалалық әкімшілігін, Луганск қаласында Украина мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бөлімшесін басып алған.

7 сәуірде Донецкіде облыстық әкімшілік ғимаратын басып алған ресейшіл күштер "Донецк халықтық республикасын" жариялады. Өзін-өзі жариялаған "Донецк республикасы" кеңесі шерушілерге күш көрсетілсе, аймаққа "уақытша бітімгершілік контингентін кіргізуді" сұрап, Ресей президенті Владимир Путинге өтініш айтқан.
XS
SM
MD
LG