Accessibility links

Ресей: Украинада күш қолданылса, азаматтық соғыс болады


Украина қауіпсіздік күштерінің сарбаздары Харьков облыстық әкімшілігін күзетіп тұр. Харьков, 8 сәуір 2014 жыл.

Украина қауіпсіздік күштерінің сарбаздары Харьков облыстық әкімшілігін күзетіп тұр. Харьков, 8 сәуір 2014 жыл.

Ресей 8 сәуірде Киевке "ресейшіл наразы топтар үкімет ғимараттарын басып алған Украинаның шығысындағы бірнеше қалада күш қолдану елдің азаматтық соғысқа ұрындыруы мүмкін" деп ескертті.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемесінде "Біз азамат соғысының тұтануына соқтыратын кез-келген әскери әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырамыз" делінген.

Ресей күш қолдануға қатысты мәлімдемені Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков Харьков қаласында террорға қарсы операция жүріп жатқанын хабарлағаннан кейін жасады.

Аваков бүгін Facebook-тегі парақшасында Харьковте облыстық әкімшілік ғимаратын басып алғаны үшін 70 адамның тұтқындалғанын, қала орталығы қоршауға алынғанын хабарлаған.

6 сәуірде ресейшіл топтар Донецк облыстық әкімшілігі мен Харьков қалалық әкімшілігін, Луганск қаласында Украина мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бөлімшесін басып алған.

7 сәуірде Донецкіде облыстық әкімшілік ғимаратын басып алған ресейшіл күштер "Донецк халықтық республикасын" жариялады. Өзін-өзі жариялаған "Донецк республикасы" кеңесі шерушілерге күш көрсетілсе, аймаққа "уақытша бітімгершілік контингентін кіргізуді" сұрап, Ресей президенті Владимир Путинге өтініш айтқан.
XS
SM
MD
LG