Accessibility links

Қазақстан сепаратизмнің жазасын қатайтпақ


Азаматтық белсенді Махамбет Әбжан Ресейдің Қырымдағы сепаратистік әрекетіне наразылық танытып, Ресей елшілігіне келіп тұр. Астана, 3 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Азаматтық белсенді Махамбет Әбжан Ресейдің Қырымдағы сепаратистік әрекетіне наразылық танытып, Ресей елшілігіне келіп тұр. Астана, 3 наурыз 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан қылмыстық кодексінің жаңа жобасы бойынша елдің аумақтық тұтастығын заңсыз өзгертуге шақырған адамға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілмек деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Бас прокуратура өкілі Арман Аяғанованың журналистерге айтуынша, қылмыстық кодекстегі жаңа бап "мұндай сепаратистік әрекет жасаған адамды 7 жылға дейін, ал қызмет бабын пайдалана отырып осындай қылмыс жасаған адамды 10 жылға дейін соттауды көздейді". Ол бұл баптың сепаратизмге шақыру мен үгіттеуге де қатысы барын айтты.

Заң жобасы парламенттің қарауында жатыр.
XS
SM
MD
LG