Accessibility links

БҰҰ: Сирия ісін халықаралық сотта қарау керек


БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэй.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэй.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэй "Сирия үкіметі адам құқықтарын қарулы көтерілісшілерден гөрі көбірек бұзды" деп, Сириядағы жағдайды халықаралық қылмыстық соттың қарауына жіберуге тағы шақырды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиынында сөйлеген Пиллэй "комиссия сарапшылары мен БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы миссиясының тергеушілері президент Башар Асад үкіметі мен көтерілісшілерді адам құқықтарын бұзып отыр деп бірнеше рет айыптағанын" айтты. Бірақ ол екі жақтың әрекетінің салдарын "салыстыруға келмейді" деп отыр.

Сирияның БҰҰ жанындағы өкілі Башар Джафари үкімет күштеріне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Ол "қақтығыстар кезінде комиссия өкілдері Сирияға келмегенін" айтып, айыптаулардың "дәлелі жоқ" деді.

Сирияда жүріп жатқан азаматтық соғыс барысында 150 мыңнан астам адам қаза тапқан деген дерек бар. Олардың шамамен үштен бірі - бейбіт тұрғындар. Миллиондаған адам елден босып кетуге мәжбүр болған.
XS
SM
MD
LG