Accessibility links

Эштон Керри Лавров және Дещицамен кездеседі


Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон келесі аптада АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және Украина сыртқы істер министрі Андрей Дещицамен келіссөздер жүргізбек. Эштон кездесу Брюссельде өтетінін хабарлағанымен, нақты уақытын айтпады.

7 сәуірде Керри мен Лавров телефонмен сөйлескенінде алдағы он күн ішінде Украина, Ресей, АҚШ және Еуропа Одағы арасында тікелей келіссөздер өткізу жайын талқылаған еді.

Мұның алдында Керри Ресей арнайы қызметінің өкілдері мен арнайы агентттерін Украинаның шығысындағы сепаратистік әрекеттерді ұйымдастырды деп айыптап, "Ресей Қырымдағы әрекетіне ұқсас әскери операция жүргізуге дайындалып жатыр" деп айтқан еді.
XS
SM
MD
LG