Accessibility links

Пәкістанда жарылыстан 23 адам мерт болды


Базардағы шабуыл
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:33 0:00

ВИДЕО: Базардағы жарылыстан соң. 9 сәуір 2014 жыл.

Бүгін Пәкістан астанасы Исламабадтың маңында бомба жарылып, 23 адам мерт болды. Полиция мен дәрігерлердің хабарлауынша, жарылыстан 39 адам жараланған.

Оқиға Исламабад пен шағын Равалпинди қаласы арасындағы көкөніс базарында болған. Полицияның болжамынша, бес килограмға жуық жарылғыш зат көкөніс қорабына жасырылған. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, жарылыс таңертеңгі уақытта - жұрт базарда сауда жасап жатқан кезде болған.

Мұндай жарылыстар Пәкістанның кейбір аймақтарында, оның ішінде солтүстік-батыстағы Пешавар қаласы мен оңтүстіктегі портты қаласы - Карачиде жиі болып тұрады.

8 сәуірде елдің солтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында пойызда болған жарылыс салдарынан 12 жолаушы қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG