Бүгін Еуропа комиссиясы Украинаға Еуропа Одағына (ЕО) мүше елдер мен халықаралық институттардан көрсетілетін көмекті үйлестіру мақсатында Украинаны қолдау тобының құрылатынын жарияламақ.
Жаңа ұйымды ЕО сыртқы кеңею істері бойынша комиссары Штефан Фюле басқарады.
Қолдау тобының әрекеті ең алдымен Украина экономикасын тұрақтандыруға және экономикалық реформалар жүргізуге бағытталмақ. Бұл жұмыс Украина билігімен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі.
Украинаны қолдау тобының бұған қоса биылғы маусым айында Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отырған Грузия және Молдовамен де ынтымақтастық орнату ниеті бар.
ЕО бұған дейін Украинаға таяудағы екі жылда 11 миллиард еуро көлемінде көмек қаржы бөлуге дайын екенін білдірген еді.