Accessibility links

Аваков сепаратизмді тоқтатуға уәде берді


Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков.

Бүгін Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков елдің шығысындағы сепаратистік іс-әрекеттер 48 сағаттың ішінде келіссөздер арқылы, болмаса күшпен тоқтатылатынына уәде берді. Оның айтуынша, Донецк, Луганск және Харьков облыстарындағы "террорға қарсы операциялар" әлі аяқталған жоқ.

6 сәуірде ресейшіл наразы топтар облыс әкімшілігі мен мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің жергілікті басқармасын басып алған Донецк мен Луганскіде ахуал әлі күрделі болып отыр. Донецкіде ресейшіл белсенділер көлік дөңгелектері мен құм салынған қаптардан жаңа баррикадалар орнатып жатыр.

Луганскіде сепаратистер басып алған қауіпсіздік қызметі ғимаратынан бүгін 50-ден астам адам қаруларын тастап шықты. Сепаратистермен келіссөздер әлі жалғасып жатыр.

Ал Харьковте Украина милициясы облыстық әкімшілік ғимараты маңын қоршауды тоқтатты. Мұнда "Ягуар" арнайы жасақ сарбаздары 8 сәуірде арнайы операция жүргізіп, облыстық әкімшілікті басып алғандардан босатқан еді. Операция барысында 70 адам сепаратистік әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен ұсталған.
XS
SM
MD
LG