Accessibility links

Тәжікстанда "терактінің" алды алынды


ТАЛКО компаниясының зауыты, Тәжікстан. Көрнекі сурет.

ТАЛКО компаниясының зауыты, Тәжікстан. Көрнекі сурет.

Тәжікстанның арнайы қызметі Орталық Азиядағы алюминий өндіретін ең ірі "Тәжік алюминий компаниясы" (ТАЛКО) зауытында терактінің алдын алғанын мәлімдеді.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Джалолиддин Садриддиновтың айтуынша, зауытта қылмыстық топ жарылыс жасамақ болған. Топ мүшелері өткен аптада ұсталып, олардан жарылғыш заттар табылған. Теракті жоспары туралы бұдан өзге ақпарат айтылмады.

Зауыттың аты-жөнін атамаған қызметкерінің Азаттықтың Тәжік қызметіне хабарлауынша, ұсталған төрт адам осы зауытта жұмыс істейтіндер.

Компания Душанбеден батысқа қарай 60 километр жердегі Турсунзаде қаласында орналасқан. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елдің басты өнеркәсіп нысаны саналатын зауыт жұмысын өзі бақылайды.
XS
SM
MD
LG