Accessibility links

Иран келіссөзі 13 мамырда Венада жалғасады


ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон (сол жақта) мен Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф. Вена, 9 сәуір 2014 жыл.
ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон (сол жақта) мен Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф. Вена, 9 сәуір 2014 жыл.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштон Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Тегеран мен "алтылық елдерінің" мамыр айының ортасында өтетін кезекті келіссөздері "келесі сатыға ауысатынын" мәлімдеді.

Венада 8-9 сәуірде өткен Иран мен "алтылық елдері" келіссөздерінің қорытындысына орай сөйлеген Эштон "ұзақ мерзімді келісім жасасу барысында туындап жатқан кейбір екіжақты қайшылықтардың алдын-алу үшін қарқынды жұмыс жасалу қажетін" айтқан.

Иран мен алты ел - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия арасындағы келіссөздер енді мамырдың 13-інде қайтадан Венада өтетін болды.

Батыстық дипломатқа сілтеме жаскған Reuters агенттігі екі тарап арасында "әлі де біраз келіспеушілік барын" хабарлады.

Иран мен алты ел былтыр қараша айында алты ай мерзімге уақытша келісім жасасқан. Ол бойынша Иран уран байытуды бәсеңдетіп, батыс елдері санкцияларды жұмсартқан. Уақытша келісім мерзімі 30 шілдеде аяқталады.
XS
SM
MD
LG