Accessibility links

Украинада "тыңшы" деген күдікпен ресейлік әйел ұсталды


Украина арнайы қызметі "Ресей тыңшысы" деп ұстаған ресейлік Мария Коледа.
Украина арнайы қызметі "Ресей тыңшысы" деп ұстаған ресейлік Мария Коледа.
Украинаның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі "елдегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін Ресей арнайы қызметінің тапсырмасын орындап жүрген ресейлік тыңшы әйелді" қолға түсіргенін хабарлады. 22 жастағы ресейлік Мария Коледа 9 сәуірде Украинаның оңтүстігінде ұсталған.

"Мария Коледа Ресейді қолдаған демонстрациялар кезінде оқ атып, үш адамды жаралағанын мойындады" дейді мемлекеттік қауіпсіздік қызметі.

Бұған қоса қауіпсіздік қызметі Коледа ресейлік "тыңшыларға" өзі және серіктері "шексіз көп жарылғыш заттарға ие болғанын және Донецкіге астыртын диверсанттар тобын жібергенін хабарлаған" дейді.

Коледоны білетін ресейліктер оның "Другая Россия" радикалды ұйымы қатарында болып, кейін Кремльге бүйрегі бұратын "Юная Россия" ұйымына өтерінде саяси көзқарастарын бірнеше рет өзгерткенін айтады.
XS
SM
MD
LG