Accessibility links

ПАСЕ Ресейді айыптайтын қарар қабылдады


Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясының отырысы. (Көрнекі сурет)
Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясының отырысы. (Көрнекі сурет)
Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы (ПАСЕ) Ресейдің Украинаның Қырым аймағын аннексиялап алғанын айыптаған қарар қабылдады. 9 сәуірде Страсбургте өткен ассамблеяның төтенше жиынында парламентарийлер Қырымның Ресейге қосылуы туралы референдум Украина конституциясына қайшы деп тапты. Қарарды 154 депутат қолдап, 26 депутат қарсы дауыс берді. 14-і қалыс қалды.

Қарарда Ресейдің Қырымды өзіне қосып алуда қолданған уәждерінің ешқайсысы "шындыққа сай келмейтіні" айтылған.

"Украинадан бөлініп, Ресей құрамына кіру ұмтылысы Ресей билігінің айдап салуымен, әскери интервенция салдарынан туындаған" делінген қарарда.

ПАСЕ бұған қоса Украинаның жаңа үкіметін заңды деп танып, "биліктің өзгеруі Украинаның демократиялық дамуына жол ашты" деген.

Дауыс беруден соң Ресейдің ПАСЕ-дегі делегациясының басшысы Алексей Пушков қарарды айыптап, құжатты "Еуропа кеңесі тарихындағы қос стандарттың ең айқын түрде көрінуі" деп бағалады.
XS
SM
MD
LG