Accessibility links

АҚШ-та оқушы 22 адамды пышақпен жаралаған


Жедел жәрдем қызметкерлері жараланған оқушыларды ауруханаға әкетіп жатыр. Пенсильвания штаты, АҚШ, 9 сәуір 2014 жыл.

Жедел жәрдем қызметкерлері жараланған оқушыларды ауруханаға әкетіп жатыр. Пенсильвания штаты, АҚШ, 9 сәуір 2014 жыл.

АҚШ-тың Пенсильвания штатында 9 сәуірде 16 жастағы Алекс Хрибал есімді жасөспірім мектепте оқушыларға пышақ жұмсап, 22 адамды жаралаған деген күдікпен ұсталған.

Куәгерлердің айтуынша, екі пышақпен қаруланған оқушы мектептің дәлізінде өзге оқушылар мен мектеп күзетшісіне сабақ басталар алдында шабуылдаған. Жараланғандардың жасы 14 пен 17 жас аралығында, олардың барлығы ауруханада жатыр. Төртеуінің халі ауыр дейді дәрігерлер.

Штат билігі өкілдерінің хабарлауынша, Алекс Хрибалға кәмелетке толған адам ретінде айып тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG