Accessibility links

Атбасарда 120 үйді су басты


Ақмола облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)
Ақмола облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)
Ақмола облысындағы Атбасар қаласында 120 үйді су басты деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Министрліктің дерегінше, 7-8 сәуірде ауа температурасының 14 градусқа дейін жылынуынан Атбасар және Жақсы аудандары аумағында қар еріп, Атбасар мен оның маңайындағы бес көшеде 120 үйді су басқан. Қазір қар суының деңгейі түспей тұр. Су басқан аймақтан 79 тұрғын көшірілген.

Төтенше жағдай бөлімі мен жергілікті әкімдік қызметкерлері су басқан аймақты шолып шыққан. Су басқан үйлерден суды шығару, құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Ақмола, Қарағанды облыстарының төтенше жағдайлар қызметінің бөлімшелері жұмылдырылған.

Қазір зардап шеккен үйлерді тексеріп, шығын мөлшерін есептейтін комиссия, медициналық және психологиялық көмек беру пунктері құрылған.
XS
SM
MD
LG