Accessibility links

Қырғызстанда билікке қарсы акциялар өтіп жатыр


Үкіметке қарсы наразылық акциясына жиналғандар. Бішкек, 10 сәуір 2014 жыл.

Үкіметке қарсы наразылық акциясына жиналғандар. Бішкек, 10 сәуір 2014 жыл.

Қырғызстан оппозициясы бүгін елде үкіметке қарсы наразылық акцияларын өткізіп жатыр.

Бішкектегі Горький паркінің алдына оппозицияның жүздеген жақтасы үкімет саясатына наразылық білдіруге жиналды.

Наразылар президент Алмазбек Атамбаевты биылғы жылдың соңында НАТО әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін Манас әуежайын Ресей компанияларының қарауына беру жоспарын қайта қарауға шақырды.

Елдің оңтүстігіндегі Ош қаласында да жүздеген адам көшеге шығып, парламенттің бұрынғы спикері Акматбек Келдібековті түрмеден шығаруды талап етті.

Жалал-Абад қаласында да оппозиция белсенділері үкіметті Ресей бастаған Кеден Одағына кіру туралы келісімнен бас тартып, ол ұйымға кіру мәселесін жалпыхалықтық референдумға салуға шақырды.

Қырғызстанның солтүстігіндегі Қарақол қаласында полиция үкіметке қарсы акциялар өткізіп жатқан оппозиция белсенділерін ұстап әкетті.
XS
SM
MD
LG