Accessibility links

Ресей депутаттары СССР-дің ыдырауын тергеуді сұрады


СССР-дің бұрынғы басшысы Михаил Горбачев.

СССР-дің бұрынғы басшысы Михаил Горбачев.

Ресей мемлекеттік думасының бір топ депутаты бас прокуратураға 1991 жылы СССР-дің құлауы кезінде болған оқиғаларға тергеу жүргізуді сұрап, хат жолдады.

Ресейлік "Известия" газетінің 10 сәуірде хабарлауынша, СССР-дің құлауын тексеруді сұраған депутаттар арасында думаның басқарушы "Единая Россия" партиясы, Коммунистік партиясы және Либералдық-демократиялық партиясының өкілдері бар.

Хатта депутаттар 1991 жылы референдумда СССР азаматтары одақты сақтап қалуды қолдап дауыс берді, бірақ сол кездегі совет басшылығы СССР-ді заңсыз түрде таратып жіберді деген пікір білдіреді.

Депутаттар осыған байланысты қылмыстық іс қозғалуы қажет және СССР-дің бұрынғы басшысы Михаил Горбачевтің үстінен де іс қозғалуы тиіс деп санайды.

83 жастағы Горбачев СССР-ді тарату туралы шешімді 1991 жылы желтоқсанда парламент қабылдағанын айтып, ресейлік депутаттардың ұсынысын "ақымақтық әрекет және пиар акция" деп атады.
XS
SM
MD
LG