Accessibility links

АҚШ конгресі Иран өкіліне виза бермеуді мақұлдады


Иранның БҰҰ-ға елші етіп тағайындамақ болып отырған дипломаты Хамид Абуталеби.
Иранның БҰҰ-ға елші етіп тағайындамақ болып отырған дипломаты Хамид Абуталеби.
АҚШ конгресінің өкілдер палатасы 10 сәуір күні кез келген елдің БҰҰ-дағы өкілін, егер оның тыңшылық, террористік және АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін қандай да бір әрекетке қатысы болса, елге кіруіне тыйым салатын заң жобасын мақұлдады. Жобаға енді президент Барак Обама қол қойса, Иранның БҰҰ-ға елші етіп жібергелі отырған дипломаты Хамид Абуталебиге АҚШ визасы берілмеуі мүмкін. Жобаны төрт күн бұрын сенат мақұлдаған.

АҚШ билігі дипломат Хамид Абуталебиді 1979 жылы Тегерандағы АҚШ елшілігін басып алып, АҚШ-тың 52 азаматын 444 күн кепілде ұстау оқиғасына қатысы бар деп айыптайды.

Бірақ Иран дипломаты 1979 жылғы дағдарыс кезінде тек аудармашы болғанын айтып, ол айыпты жоққа шығарады.

8 сәуір күні Ақ үй Абуталебидің БҰҰ-дағы елші болып тағайындалуының "пайдасы жоқ" деп ескерткен. Тегеран АҚШ-тың ұстанымын "қабылдай алмайтынын" мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG