Accessibility links

Астанада наразылар жол жапты


Наразы тұрғындар бас прокуратура алдындағы жолды жауып тұр. Астана, 11 сәуір 2014 жыл.
Наразы тұрғындар бас прокуратура алдындағы жолды жауып тұр. Астана, 11 сәуір 2014 жыл.
Астанада саяжайлық жер телімдерін "мемлекет қажетіне" алуға наразы жиырма шақты тұрғын бүгін бас прокурата ғимараты орналасқан көшені жапты.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, "мемлекет қажетіне" алынатын жерлерде олардың үйлері орналасқан. Тұрғындар бас прокурор Асхат Дауылбаевпен кездестіруді талап еткен. Наразылармен сөйлесуге прокуратура өкілдері шығып, оларды прокуратураның акт залына шақырған. Бірақ тұрғындар онда кіруден бас тартып, бас прокурормен кездестіруді ғана талап еткен.

Наразы тұрғындар Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың аты-жөнін атап, айқайлай бастаған соң полиция оларды қақпа алдынан ғимараттың жанына қарай ығыстырған. Одан кейін наразылық акциясына шыққан тұрғындарды бала-шағасымен полиция ұстап әкетті.

Астанада жер телімдерін «мемлекет қажетіне» деген уәжбен алып жатқан қала билігінің әрекетіне, жер телімдерінің өтемақысына көңілі толмайтын наразы тұрғындар көп. Олардың ішінде бұрынғы саяжайлар ғана емес, Астана қаласының ортасындағы бұзылуы тиіс ескі барактардың иелері де бар.
XS
SM
MD
LG