Accessibility links

Грузия: ЕО-мен келісімге маусымда қол қоямыз


Грузия сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе.

Грузия сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе.

Грузия сыртқы істер министрі Майя Панджикидзе Тбилиси Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімге маусым айында қол қоятынын мәлімдеді.

Берлинде 10 сәуірде Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен кездескеннен соң өткізген баспасөз жиынында Панджикидзе германиялық әріптесін Грузияның келісімге қол қоюға маусым айынан кешікпей дайын болатынына сендіргенін айтты.

Штанймайердің айтуынша, Украина төңірегіндегі дағдарыс Еуропа Одағының Грузиямен келісім жасасуына ешқандай әсерін тигізбейді.

Панджикидзе ол келіссөздерді одан ары жүргізу үшін Штайнмайермен алдағы 10 күн ішінде Тбилисиде тағы кездеспек.

Грузия және Молдовамен ассоциация туралы келісім жасасуға Еуропа Одағының Шығыс ынтымақтастығы тобының 2013 жылы қарашада Вильнюсте өткен саммитінде уағда жасалған.
XS
SM
MD
LG