Accessibility links

Ресей Януковичті Украинаға бермейді


Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович.

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович.

Бүгін Ресей бас прокуроры Юрий Чайка Украинаның биліктен қуылған бұрынғы президенті Виктор Януковичтің отанына қайтарылмайтынын мәлімдеді.

Қырымның Симферополь қаласында сөйлеген Юрий Чайка Януковичтің "ешқандай қылмыс жасамағанын" айтып, Ресей Украинаның "заңды президентін" Киевтің соттауына бермейтінін хабарлады.

Украина үкіметі жаппай халық толқуларынан кейін елден кетіп қалған Януковичті экстрадициялауды ақпан айынан бері қарастырып келеді. Украина билігі Януковичті Киевте ақпандағы шерулерде демонстранттарға оқ атуға бұйрық берді деп айыптап, оның үстінен қылмыстық іс қозғаған.

Кейін Ресейден көрінген Янукович бірнеше рет өзін әлі де Украинаның заңды президенті деп санайтынын, ал Киевте билікке келгендерді заңсыз деп танитынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG