Accessibility links

Путинді сынаған профессор жұмысында қалды


МГИМО профессоры Андрей Зубов.
МГИМО профессоры Андрей Зубов.
62 жастағы тарихшы, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) философия профессоры Андрей Зубов Ресейдің Қырымды аннексиялауына наразылық білдіріп, наурыз айында Путинді сынаған еді.

Танымал ғалымды жұмыстан шығару туралы МГИМО шешімі жойылған. Институт 11 сәуір күні "Андрей Зубовты жұмыстан шығару туралы өткен айдағы шешімнің күші жойылды" деген хабар таратты. Мәлімдемеде "Зубовтың Мәскеу қаласының Хамовник ауданының сайлау комиссиясы мүшесі екені, заң бойынша сайлау комиссиясы мүшелерін жұмыс берушінің шығаруға құқығы жоқ екені" айтылған.

Зубов мақаласында Қырым аннексиясын 1938 жылғы фашистік Германияның Австрия мен Чехословакияны қосып алуымен салыстырып, "Путин ақылынан адасты" деген. МГИМО Зубовтың мақаласы оқытушылар мен студенттер арасында нарызылық тудырып, "оқу процесіне" бөгет болғанын мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG