Accessibility links

Яценюк: Украинада жергілікті биліктің құзыры кеңейеді


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк 11 сәуір күні елдің шығысындағы Донецк қаласына барды. Аймақ басшыларымен жүздескен премьер Донецкідегі облыстық әкімдік ғимаратын басып алып, "Донецк халық республикасын" жариялаған ресейшілдермен кездескен жоқ.

Яценюк осы сапарында "Украинадағы жергілікті биліктің құзыры кеңейеді, аймақтар маңызды мәселелер бойынша референдум өткізе алатын болады" деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, "аймақтарға референдум өткізу құқығын беру үшін арнайы заң қабылдануы керек және конституцияға өзгертулер енгізілуі тиіс". Яценюк "мұндай өзгерістер президент сайлауына, яғни 25 мамырға дейін жасалуы қажет".

Яценюк сепаратистерді Донецк қаласындағы басып алған ғимараттарды босатуға, қаруларын өткізуге шақырды. Ол "күш қолданып ғимараттар басып алуға қарсы" екенін айтты.

6 сәуір күні ресейшіл демонстранттар Харьков , Донецк және Луганск қаласындағы үкімет ғимараттарын басып алған еді. Харьковтегі жергілікті билік ғимараты ғана сепаратистерден кері қайтарылды.

Яценюк "болашақта Украина аймақтарының билігін Киев тағайындамайтынын, олар сайлау арқылы жасақталатынын" айтты.
XS
SM
MD
LG